Маңғыстауда "ЕНБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті

Достық үйінде Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясы мен ҚХА жанындағы Маңғыстау облысының аналар кеңесінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен "ЕҢБЕК ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты - Қазақстандағы жұмыскер әйелдi кɵрнектi және маңызды ету. Форум Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдердің мәртебесін көтеру, өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін, қоғамдағы тәуелділік мінез-құлқын жою Маңғыстау облысының әйелдерін үшін біріктіру сияқты міндеттерді көздейді.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, облыс әкімінің орынбасары – Гүлмира Қалмұратова, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, ҚХА жанындағы Маңғыстау облысының аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ Маңғыстау облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің өңірдегі әлеуметтік және гендерлік саясаттың іске асырылуына жауапты орынбасарлары, қаржы институттарының өкілдері қатысты.
Форум сессиясында Маңғыстау облысын дамытудағы әйелдер іскерлік қоғамдастығының рөлі мәселелері қаралды.
Форумның негізгі спикерлері: Маңғыстау облысының әкімі – Нұрлан Ноғаев; Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы — Раушан Сарсембаева; Қазақстан аналар кеңесінің төрайымы — Назипа Шанаи;
облыс әкімінің орынбасары – Гүлмира Қалмұратова; азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы, "Күміс алқа" орденінің иегері - Гүлажар Бақытжанова; "Мейірімді Ана" қоғамдық қорының директоры, көп балалы ана, "Алтын алқа" орденінің иегері - Динара Көктаубай; жалпы практика дәрігері, "Бәйшешек" қоғамдық қорының директоры – Алтын Сақтағанова; педагог, Маңғыстау іскер әйелдер қауымдастығының Басқарма мүшесі-Татьяна Мурадян; жеке кәсіпкер, көрме ұйымдастырушысы - Саида Алтаева.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы - бұл қоғамның iскерлік: саясат, мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. салаларда жұмыс істейтін әйелдерді біріктіретін алғашқы республикалық қоғамдық үкіметтік емес ұйым. Жалпы құрамында 5000 аса мүшелерi жəне бүкіл ел бойынша аймақтық филиалдар желісі бар.
Маңғыстауда "ЕНБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті
Маңғыстауда "ЕНБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті
Маңғыстауда "ЕНБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті
Маңғыстауда "ЕНБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті
Маңғыстауда "ЕНБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР" атты жұмыс істейтін әйелдер форумы өтті


  • |  Просмотров: 135  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-04-2022, 16:04  |  
  •   |