Журналистер клубының "Жаңа Қазақстанға - жаңа көзқараспен" атты кездесуі өтті

Достық үйінде Маңғыстау облысының "журналистер клубының" кездесуі өтті. Отырысқа өңірдің БАҚ өкілдері, Ш. Есенов атындағы университет студенттері, Ассамблея жастары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде - Маңғыстау облысы журналистер клубының төрағасын сайлау және жаңа құрамының жұмысын жандандыру. Сондай-ақ, 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылау және ҚХА қызметіне қатысты басқа да мәселелер.
Журналистер клубы Тұңғыш Президенттің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында құрылды. Қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Клуб толеранттылықты нығайтуға, мемлекеттегі этносаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани - мәдени қоғамдастықты сақтауға; журналистік этика қағидаттарын сақтауға, дамытуға және енгізуге, сондай-ақ этносаралық тақырыпты жария ету мәселелерінде журналистік қоғамдастықта жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

Отырысты МО ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Аманкүл Джайлханова ашып, БАҚ өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы жедел және шынайы ақпарат бергені үшін алғысын білдірді. Аманкүл Әбдіғалиқызы атап өткендей, "БАҚ мүмкіндіктерін маңғыстаулықтарды, әсіресе жастарды патриоттыққа, азаматтық бірлікке, рухани-мәдени ортақтыққа тәрбиелеуде кеңінен пайдалану; қоғамдағы толеранттылықты, өзара сыйластықты, мейірімділікті және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті нығайту қажет".
Кездесу барысында ҚХА жұмысының негізгі бағыттары: "Ассамблея жастары", қайырымдылық, медиация, "Рухани жаңғыру", аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктердің қызметіне ақпараттық қолдау көрсету бойынша қосымша мәселелер талқыланды.
БАҚ өкілдерін этносаясат мәселелерін жариялау бойынша үздік журналистік жұмысқа "Шаңырақ" облыстық байқауына қатысуға шақырды. Маңғыстау облысында "Шаңырақ" байқауы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай өтуде. Үздік жұмыстар жыл соңында Нұр – сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға қатысу үшін беріледі.
Кездесу соңында жаңа төраға сайланып, журналистер клубы мүшелерінің жаңартылған құрамы анықталды. "Журналистер клубының" төрағасы облыстық "Огни Мангистау" саяси газетінің тілшісі Олеся Умерзакова болды.
Журналистер клубының "Жаңа Қазақстанға - жаңа көзқараспен" атты кездесуі  өтті
Журналистер клубының "Жаңа Қазақстанға - жаңа көзқараспен" атты кездесуі  өтті
Журналистер клубының "Жаңа Қазақстанға - жаңа көзқараспен" атты кездесуі  өтті


  • |  Просмотров: 81  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-04-2022, 16:00  |  
  •   |