Маңғыстауда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңейтілген отыры

Достық үйінде Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Маңғыстау облыстық аудан/қала филиалдарының өкілдерімен және қазақ тілі мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтті.

Осы отырысқа облыс әкімнің орынбасары Қалмұратова Гүлмира Мұратқызы,
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жалпы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің областық филиалы ақпан айының 17-сі күні жергілікті әділет департаментінен тіркеуден өтті. Қоғам Президенті Берік Әділғалиұлының бұйрығымен облыстық филиалдың төрағасы болып, Хайруллаев Нұржігіт Нұрболатұлы тағайындалып және төраға орынбасарына Көлдеубаев Наурызбек Айназарұлы тағайындалды.
"Өңірімздегі екі қала, бес аудан бойынша, қазіргі таңда филиалдары құрыу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қарақия ауданы мен Бейнеу аудандарының құжаттары дайындалып орталыққа жолданды. Бүгінгі күнде Жарғыға сәйкес қоғам Президентінің бұйрығымен сенімхатын күтуде." - деп атап өтті Көлдеубаев Наурызбек.
Маңғыстауда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңейтілген отыры
Маңғыстауда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кеңейтілген отыры


  • |  Просмотров: 88  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-04-2022, 15:58  |  
  •   |