Ақтауда «Күш бірлікте» кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті

Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Күшіміз Бірлікте» кубогы үшін шағын футболдан турнир ұйымдастырды.

Іс-шара "LLf Arena" футбол алаңында өтті. Турнирге "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ассамблея жастары, Ақтау қалалық әкімдігінің, "Қазақтелеком" АҚ және "Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ жарысқа қатысқан ұйымдар арасында командалық рухты қолдау және дамыту болып табылады.
Футбол матчының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1. орын - Ақтау қаласының әкімдігі
2. орын - "Қазаэронавигация" РМК.
3. орын - МО ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ.
Бірінші орын үшін жүлде 100 000 теңге, екінші орын 75 000 теңге және үшінші орын 50 000 теңге болды. Сонымен қатар төреші арнайы ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Ақтауда «Күш бірлікте» кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті
Ақтауда «Күш бірлікте» кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті
Ақтауда «Күш бірлікте» кубогы үшін шағын футболдан турнир өтті


  • |  Просмотров: 86  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:2-04-2022, 16:42  |  
  •   |