Амал мерекесіне орай «Жүрек жылуы» акциясы аясында қайрымдылық шара өтті

«Жүрек жылуы» акциясы аясында «Бекет ата» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен шараға Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы белсене қатысты.
Салтанатты шараны облыстық «Бекет ата» мешітінің Бас имамы – Елжанов Әнуар ашып, барша жамағатқа амандық, бақ-береке, зор денсаулық, дүниенің тыныштығын тіледі.
Шара көктемнің Амал мерекесіне орайластырылды. Мешіт аумағына киіз үйлер орнатылып, онда этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және «Ақтаулық мейрімділер клубы» еріктілер қозғалысының мүшелері мерекелік дастарханды қамтыды. Мұнда шараның барлық қонақтары, соның ішінде ақсақалдар, қаланың құрметті азаматтары, аз қамтылған отбасылар шақырылды.
Шара қонақтары «Қазақша күрес», «Көл күрес», «Арқан тарту» сынды сайыстарға белсенді қатысты. Киіз үйлердің бірінде қыз-келіншектер қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен театрландырылған көрініс қойып, сәбиге «азан шақыру», сондай-ақ «бесікке салу» рәсімін жасады.
Көшеде палау әзірленді, бауырсақтар қуырылды және мұның бәрі мерекелік атмосфераны одан сайын арттырды. Әзірбайжан, қырғыз, өзбек этномәдени бірлестіктері 100 келіден астам палау әзірледі. Қонақтар мерекелік дастарханда дайындалған үш түрлі палау, ыстық бауырсақ, шұбат пен тағы басқа тағамдардан дәм татты.

Амал мерекесіне орай «Жүрек жылуы» акциясы аясында қайрымдылық шара өтті
Амал мерекесіне орай «Жүрек жылуы» акциясы аясында қайрымдылық шара өтті
Амал мерекесіне орай «Жүрек жылуы» акциясы аясында қайрымдылық шара өтті


  • |  Просмотров: 111  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:17-03-2022, 10:26  |  
  •   |