Алғыс айту күні мерекесіне орай және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында салтанатты іс-шара өтті

Бірінші наурыз күні Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Жыл сайын бұл мереке маңызды бола түсуде. Осылайша, 2021 жылғы 1 наурыздағы құттықтауында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекенің ерекше мәні мен терең нышанын атап өтіп, "оның құндылықтары өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін бейнелейді" деді.
Алғыс айту күні мерекесіне орай және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында бүгін Достық үйінде Ақтау қаласының "Қала жолдары" коммуналдық қызмет қызметкерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Г. Қалмұратова, МО аналар Кеңесі, ҚХА ардагерлер Кеңесі, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, меценаттар, ҚХА шығармашылық ұжымдары, медициналық мекемелердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты коммуналдық қызмет қызметкерлеріне қиын еңбектері үшін алғыс білдіру.
Бұл қарапайым адамдардың иығында қаламыздың жол - көше желісін күтіп ұстау бойынша күн сайын зор жауапкершілік жатыр. Олар жолдарды тазалайды, көшелерде қоқыс жинайды, жол белгілерін жөндейді және біздің күнделікті өміріміздің көп бөлігін жасайды.
Гүлмира Қалмұратова "Қала жолдары" қызметкерлеріне алғыс айтып, салтанатты іс-шараны ашты. Сондай – ақ, МО ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысы – А. Джайлханова мен қырғыз ЭМБ мүшесі Құрбанәлі Ғазибеков өз алғыстарын білдірді. Шақырылған қонақтарға шаш шеберлердің, емдік массаж қызметтері көрсетілді, сондай-ақ шара кезінде қонақтарға "Salem-Namaste" үнді ЭМБ үнді шайынан дәм тату ұсынылды. Іс-шара ҚХА шығармашылық ұжымының, "Muzaev Production" музыка мектебінің концерттік бағдарламасымен сүйемелденді.
Сонымен бірге, іс-шараға "Нейрон", "Ясин" және АГП N2 медициналық мекемелері белсенді қатысты. Барлығы қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін тексере алды.
Іс-шара соңында қонақтарға құттықтау мен алғыс ретінде шоколад табыс етілді.

Алғыс айту күні мерекесіне орай және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында салтанатты іс-шара өттіАлғыс айту күні мерекесіне орай және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында салтанатты іс-шара өттіАлғыс айту күні мерекесіне орай және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында салтанатты іс-шара өтті


  • |  Просмотров: 147  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-03-2022, 09:52  |  
  •   |