Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Тұрмыстық зорлық - зомбылық мәселелерін талқылау, оның алдын алу бойынша шешім қабылдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін «Достық үйінде» қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Тұрмыстық зорлық - зомбылық мәселелерін талқылау, оның алдын алу бойынша шешім қабылдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға қалалық соттың судьясы, психологтар, қоғамдық қор өкілдері, полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлары, Маңғыстау облысының ҚХА төрағасының орынбасары, "Қоғамдық келісім" КММ басшысы, мамандандырылған балалар үйінің директоры, сондай-ақ ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысты.

Бүгінде ешкімге жасырын емес, осы кезге дейін отбасындағы зорлық-зомбылық ашық айтылмай келді. Бұл жағдайда көбінесе жапа шегетіндер әйелдер мен балалар. Бұрындары бұл проблема әлеуметтік мәселе ретінде қаралмаса, қазір жағдай басқаша.

Елімізде осы мәселелерді алдын алуға, ал Маңғыстау өңірінде бүгінде отбасынан зардап шеккендерді қолдайтын орталықтар жұмыс жасайды. Олардың айтуларынша, ең өкініштісі, зорлық-зомбылыққа көп ұшырайтындар - сол құқық бұзушының жақыны, жанашыры, отбасы мүшелері.

Іс- араға ат салысқан С.Асфендияров атындағы университетенің қарым-қатынас кафедрасының оқытушысы, психология сарапшысы Айжан Құдайбергенова баяндама жасап, қоғамдағы осы олқылықтың орнын толтыру үшін бірқатар ұсынысын білдірді. Ал өңірдегі полиция департаментінің әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорғау тобының мамандары облыстағы отбасында зардап шеккендердің есебін баяндады. Сондай-ақ, бүгінгі шараға ақатысқан қалалық № 2 сотының судьясы Анар Толықбаева аталған мәселені заң аясында қаралатынын жеткізді.

Өңірде отбасынан қорлық көргендерге қолдау көрсетіп оларға пана беретін «Рай» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Орталық басшысы Райхан Бекманованың айтуынша, мұндай әйелдер осы жерді паналайды.

Бүгінгі алқалы жиынға қатысқандар қоғамның өзекті проблемасын талқыға салып, қатысушылар пікір алмасты.



  • |  Просмотров: 26  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-09-2021, 20:08  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: