Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбында республикалық лекторийі өтті

Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» тақырыбында республикалық лекторийі өтті.

Пленарлық отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА мүшелері, жұртшылық және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға атсалысу мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.

М. Әзілханов атап өткендей, «Халықтың бірлігі» Жолдаудың атауында бірінші орынға қойылған, ал «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталатын жетінші тарауы – татулық пен келісім саясатына арналған. Мұның терең символикалық маңызы бар және Ассамблея мүшелеріне, Ассамблеяның әр өкіліне, әр құрылымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сонымен қатар, ол бүгінде қазақ халқының интегратор-халық ретіндегі рөлін толыққанды атқаруы үшін объективті және субъективті тарихи алғышарттар пісіп-жетілді деп нық сеніммен айтуға болатынын атап өтті. «Қазақ халқы – барлық қазақстандық этностарды азаматтық негізде біртұтас халыққа біріктіретін ел иесі. Қазақ халқының осы стратегиялық маңызды жаңа рөлі күн тәртібіне этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет – Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру міндетін жаңаша қояды», - деп толықтырды М.Әзілханов.

Спикер Ассамблеяның мемлекеттік тілді ілгерілету жөніндегі қызметіне егжей-тегжейлі тоқталды және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес ҚХА жұмысын одан әрі жетілдірудің негізгі міндеттері мен бағыттарын белгіледі.

Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев өз сөзінде этносаралық бірлік пен келісім қазақстандық мәдениеттің негізіне айналғанын атап өтті. Қазақ халқы философиясының мәні де осында жатыр. Ал этносаралық келісім мен бірлікті нығайту арқылы біз әлемдік сын-қатерлердің алдын аламыз.

Лекторий жұмысы аясында Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-да Маңғыстау облысының ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті және университет студенттеріне Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп дәріс оқыды. Облыстың жастар ресурстық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Жаңбыршин Маңғыстау облысы ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының активімен кездесті. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты Б.Әбдіғалиұлының Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерімен кездесуі, семинарлар, сондай-ақ басқа да бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Достық үйі ғимаратының музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» жобасына арналған фотокөрме өтті. Аталған көрме Елбасының татулық және келісім саясаты аясында шоғырланған біртұтас қоғамның бірлігін айқын көрсетеді.



  • |  Просмотров: 24  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:16-09-2021, 20:02  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: