Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

"Этносаралық қатынастарды дамыту және орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды" іске асыру жөніндегі комитеттің қызметі туралы тақырыбында кездесу өтті

Ақтау қаласының Достық үйінде ҚХА Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған "Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы" атты республикалық лекторийі өтті.

Республикалық лекторий аясында ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары-Үйсімбаев Еркін және ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы - Мәжитов Мақсат "Этносаралық қатынастарды дамыту және орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарды іске асыру жөніндегі комитеттің қызметі туралы" тақырыбында Ішкі саясат саласы және "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

ҚР этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Үйсімбаев Еркін құттықтау сөз сөйлеп, жұмысымен таныстырды. Өз сөзінде ол Қазақстан этностары интеграциясының негізгі институты ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Ассамблеяның қызметі этностарды біріктіруге, мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде ілгерілетуге, мемлекеттік органдар мен этносаралық қатынастардың барлық мүдделі субъектілерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарланған және ағартушылық жобаларды іске асыруға қайта форматталды.

Кездесу барысында Маңғыстау облысындағы этносаралық ахуал, жергілікті атқарушы органдардың жұмысы қалай жүріп жатқаны және этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі бөлімдердің қызметін күшейту және оларды тән емес функциялардан босату қажеттігі туралы мәселелер талқыланды.

Ол үшін өңірлердегі этносаралық ахуалды сапалы талдауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірленді, сондай-ақ жанжалды жағдайларды анықтау тұрғысынан министрлік пен мүдделі құрылымдарды уақтылы хабардар ету, этносаралық тақырып бойынша ақпараттық кеңістік пен әлеуметтік желілерге жүйелі мониторинг жүргізу.

ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы - Мәжитов Мақсат этносаралық қатынастар саласынан басқа, Комитет шетелдегі отандастарға қатысты диаспоралық саясатты жүзеге асыратынын атап өтті. Оны іске асыру шеңберінде шетелдегі қазақ диаспоралары мен Қазақстанға оралған отандастарды қолдауға бағытталған бірқатар шаралар қамтамасыз етілді. Шетелдегі этникалық қазақтармен және отандастармен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту жалғасуда.

Семинар соңында пікір алмасып, сұрақтарға жауаптар берілді. Еркін Үйсімбаев семинарға қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ түсініктемелер мен қойылған сұрақтар үшін алғысын білдірді



  • |  Просмотров: 22  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:16-09-2021, 20:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: