15 ақпанда - Дүниежүзілік онкологиялық науқас балалар күні.

15 ақпанда - Дүниежүзілік онкологиялық науқас балалар күні. ҚХА еріктілері мен МО Ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері қайырымдылық іс-шараға қатысты.
15 ақпанда - Дүниежүзілік онкологиялық науқас балалар күні.

Іс-шараны "Ақтау мейрімділер клубы" еріктілер қозғалысы ұйымдастырды, оның жетекшісі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Сабина Бейсембаева. Мейірімді адамдардың арқасында сыйлықтар жиналып, облыстық балалар ауруханасының емделушілері мен медициналық қызметкерлеріне дастархан жайылды. Анимациялық бағдарлама еріктілердің қатысуымен өтті, балалар би билеп, ойнап, шақырылған ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті.
Онкологиялық науқас балалар үшін жағымды эмоциялар қымбат дәрі-дәрмектерден кем емес. Бұл күні бүкіл әлем онкологиялық клиникалардың кішкентай пациенттерін қолдайды, олар аурумен батыл күресіп және көптеген жағдайларда оны жеңеді. Әрине, бұл дәрігерлердің үлкен еңбегі, бірақ балалардың өздері де өміршеңдік пен ерік-жігердің үлгісі болады.
15 ақпанда - Дүниежүзілік онкологиялық науқас балалар күні.

"Әрине, осы іс-шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Аниматорлар және сыйлықтар біздің балаларды қатты қуантты. Бала үшін аурухананың төрт қабырғасында болу және әртүрлі емдеу процедураларынан өту өте үлкен стресс. Бүгін олар бақытты, коридорда жүгіріп ойнайды, күледі және бұл ең бастысы. Осындай керемет мереке үшін барлық аналардан тағы да үлкен алғыс! Аурухананың медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбегі мен шыдамдылығы үшін рахмет. Әлемдегі барлық балалар сау болсын", - деді ата-аналардың бірі.


  • |  Просмотров: 96  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:15-02-2022, 18:43  |  
  •   |