Нұр —сұлтан қаласының Достық үйінде

Нұр —сұлтан қаласының Достық үйінде
этносаралық қатынастар саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру, сондай-ақ "Қоғамдық келісім" КММ, Достық үйлері мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметіне заманауи менеджмент әдістерін енгізу жөніндегі әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Әдістемелік кеңестің жұмысына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, ҚХА төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г. Шойкин, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бейінді комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ, өңірлік "Қоғамдық келісім" басшылары қатысты.
Нұр —сұлтан қаласының Достық үйінде

Іс-шараны ашқан Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясының және оның барлық құрылымдарының ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүргізуге заманауи тәсілдерді қолдану қажеттігін атап өтті: "Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін өңірлік деңгейде этносаралық саланы басқару құрылымын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілді".
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның кеңесінің құрамы жаңартылды, өңірлердегі қоғамдық орынбасарлардың міндеттерін айқындау, сондай-ақ олардың қызметін регламенттеу және нақтылау жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді. Ассамблея сайлаған мәжіліс депутаттарының әрқайсысына жұмыстың нақты бағыты бекітілген. Достық үйлері ҚХА қоғамдық (халықтық) жобаларын ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау үшін материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық ресурстық базаға айналуы тиіс екенін атап өткім келеді", - деді М.Әзілханов.
Нұр —сұлтан қаласының Достық үйінде

Вице-министр Серік Егізбаев қоғамдағы соңғы оқиғалар мен ел өміріндегі өзгерістер азаматтық қоғам мен этносаралық қатынастар саласын одан әрі дамыту үшін жаңа бағыт бергенін атап өтті. "Ағымдағы жылы қоғамдық құндылықтарды жаңғырту бағытында нақты ағартушылық, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды ілгерілету қажет. Сондай-ақ, елдің тұтастығын сақтауға, ішкі бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларды кеңінен қолдау маңызды. Сондықтан мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру, жастар мен жастар ұйымдарын Достық үйлерінің қызметіне тарту, мемлекеттік тілді этносаралық қарым - қатынас тіліне айналдыруға жәрдемдесу қажет", - деді спикер.
Кездесу барысында "Қоғамдық келісім" КММ-нің өңірлік басшылары өткен жылғы есептермен сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті, Аналар кеңестерінің, қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ ҚХА-ның басқа да құрылымдарының жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтты.


  • |  Просмотров: 70  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-02-2022, 18:35  |  
  •   |