Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

"WorldCleanUpDay" Дүние - жүзілік тазалық күніне орай сенбілік өтті

"WorldCleanUpDay" Дүние - жүзілік тазалық күніне орай, 18 қыркүйекте "Ақтау мейірімділік клубының" жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Сабина Бейсембаева және "Salem-Namaste" үнді этномәдени бірлестігі Саура шатқалы аумағында сенбілік ұйымдастырылды.

Акцияға Маңғыстау облысының "Еріктілер лигасының" волонтерлері, Есенов университетінің студенттері, мейрімділер клубының еріктілері және қаланың жанашыр азаматтары белсене қатысты.

Акцияның басты мақсаты - Маңғыстаудың көрікті жерлерінің бірін қоқыстан тазарту, табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау.

Алғаш рет қоқысты бөлумен дұрыс сенбілік ұйымдастырылды - пластик, қаңылтыр банкалар, картон "ecowasteaqtau" - ға тапсырылады, олар қайталама шикізатты қайта өңдеуге қабылдайды.

"Бұл акция қоршаған ортаны сақтауға бірауыздан қатысуға бағытталған. Өкінішке орай, табиғатқа демалуға баратын адамдар қоқыс тауларын қалдырады. Осыған байланысты біздің табиғатымыз, экологиямыз зардап шегеді, біздің аймақтың көрікті жерлерінің тартымдылығын жоғалтады. Бұл сенбілікке көптеген балалар қатысты, өйткені тек жеке мысал арқылы біз табиғатты қалай және не үшін қорғау керектігін көрсете аламыз. Қала тұрғындарын табиғатты аялауға және оның тазалығын сақтауға шақырамын", - деді "Salem-Namaste" үнді ЭМБ төрайымы Надежда Вадодария



  • |  Просмотров: 22  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:18-09-2021, 19:41  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: