«БІЗДІҢ АРАМЫЗДАҒЫ БАТЫРЛАР» ЖОБАСЫ

«БІЗДІҢ АРАМЫЗДАҒЫ БАТЫРЛАР» ЖОБАСЫ
Бүгін «Рухани жаңғыру» жобасы аясында КММ «Қоғамдық келесім» ІСБ МО ұйымдастыруымен «Батырлар арамызда» жобасы басталды.
Кездесуге Маңғыстау облысы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ басшысы А. Джайлханова, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын басқару бөлімінің басшысы М. Боранова және облыстық басқармалардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында Комиссия құрамы бекітілді, сондай-ақ кездесуге қатысушылар жоба тұжырымдамасымен танысты, өзін қызықтырған сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
«БІЗДІҢ АРАМЫЗДАҒЫ БАТЫРЛАР» ЖОБАСЫ

Жобаның мақсаты:
- Қоғам мен жастар үшін үлгі болған қарапайым замандастарымыздың жеке басы мен адамгершілік іс-әрекеттерін ақпараттық кеңістікте танымал ету, қазақстандықтар арасында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру;
- Біздің өлкеміздің қоғам батырларының рөлдік моделін қалыптастыру;
- Қазақстан үшін лайықты мысалдар іздеу;
- Ақпараттық жұмыс арқылы рөлдік модельдерді қалыптастыру;
- Ерлік істерінің бірегей тарихының арқасында патриоттық сезімді дамыту.
«БІЗДІҢ АРАМЫЗДАҒЫ БАТЫРЛАР» ЖОБАСЫ

Жобаға құтқарушылар, полиция қызметкерлері, медицина қызметкерлері, педагогтар, құрылысшылар, қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, кәсіпкерлер, барлық басқарма қызметкерлері, еріктілер, спортшылар, студенттер және т. б. қатыса алады.
Жобаның нәтижелері 2022 жылдың 29 сәуірінде белгілі болады. Жеңімпаздар «Батырлар біздің арамызда» арнайы жобасының медальдарымен, дипломдарымен және наградаларымен марапатталады.
Ақпаратты, фотосуреттер мен бейнероликтерді арнайы кесте бойынша жинақтап, 2022 жылғы 15 сәуірге дейін тапсыру қажет rukhani_zhangyru_mangystau@mail.ru. Жоба туралы қосымша мағлұматты көрсетілген телефон арқылы ала аласыз. WhatsApp: 8 701 620 67 48


  • |  Просмотров: 90  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:22-02-2022, 18:27  |  
  •   |