Достық үй ғимаратында Маңғыстау облыстық Аналар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында Кеңестің төрағасы мен құрамын қайта қарау, тағайындау туралы кеңес отырысы өтті.

Іс-шара әкімнің орынбасары Г. Қалмұратованың және Маңғыстау облысы Аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өткізілген болатын.
Кездесудің негізгі мақсаты Аналар кеңесінің отбасын нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, тұлғаның рухани, адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша жұмысын жандандыру болды.
Кездесу барысында Маңғыстау облысының аналар кеңесі 2021 жылы отбасының әлеуметтік институтын нығайту, отбасылық қатынастар мен балаларды тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі рухани – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту мақсатында өткізген іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ Аналар кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Достық үй ғимаратында Маңғыстау облыстық Аналар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында Кеңестің төрағасы мен құрамын қайта қарау, тағайындау туралы кеңес отырысы өтті.

Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылық пен этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға және сақтауға өз үлесін қосады. Маңғыстау облысында облыстық, 1-қалалық, 5-аудандық, 22-ауылдық аналар кеңесі жұмыс істейді.

  • |  Просмотров: 103  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-02-2022, 18:09  |  
  •   |