Өзбекстан Республикасының Бас консулы Маңғыстау облысының ЭМБ кездесті

ҚХА «Достық» үйінде «Өзбек тілі күніне» орай алқалы отырыс өтті.
Шараға МО ІСБ «Қоғамдық Келісім» КММ басшысының орынбасары Айна Нұрханова, Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Тұрсынбеков Атабек Жолдасбекұлы, «Пахтакор» ЭМБ төрағасының орынбасары Ұлықбек Асадуллаев, облыстық ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Мақсат Тоқаев және өзгеде ЭМБ төрағалары мен Ш.Есенов атындағы университетінің студенттері БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінде елдегі жетістігіміз бен нәтижелі жұмыстарымыз ол татулық пен тұтастықтық арқасында. Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде түбі бір түркі елдері бір шаңырақтың астында айрандай ұйып, берекесі жарасып өмір сүруде. Бүгінде көп ұлтты мемлекетіміз барлық этностың құтты мекеніне айналды.
Жиында Ш.Есенов атындағы білім ордасының студенті Есбергенова Гүззал «Өзбек тілі» күніне орай жылы лебізін білдіріп, өзбек ЭМБ мүшелерін айтулы күнмен құттықтады. Сондай-ақ, университет студенті Малика Матназарова - Эркин Вохидовтың «Она тилим ўлмайди» поэмасын оқып, көптің қошеметіне бөленді. Шара соңында ұйымдастырушылар Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшілікпен ҚХА-мен одан әрі әріптестік ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жоспарларды пысықтады.


  • |  Просмотров: 167  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:30-10-2021, 11:17  |  
  •   |