Жаңаөзенде «Отбасылық құндылықтар, отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында семинар өтті

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген ұғым қай кезде де өзгер-ген емес. Елбасымыз «От¬басы – Қазақстан қоғамы¬ның дің¬гегі, экономикадағы, мәдениет¬тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе¬ленің қоғам үшін маңыздылығын қадап айтқан болатын.
Бүгін Жаңаөзенде «Отбасылық құндылықтар, отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында семинар өтті. Жиынға мектеп оқушылары мен мұғалімдер белсенді түрде қатысты. Шараның өтуіне мұрындық болған Жаңаөзендік ҚХА «Қоғамдық келісім» өкілбері мен «Қоғамдық даму орталығы» мамандары Теңге ауылының №11 мектеп оқушыларына арнайы дайындаған ақпараттарымен бөлісті. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», деген тәрбиеге қатысты өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарайтын болсақ, бар мәселе отбасынан басталатынын ұғуға болады.Сондықтан Ұлтымыздың болашағы отбасындағы көрсетілетін тәрбие мен ең басты құрал.


  • |  Просмотров: 72  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-10-2021, 09:35  |  
  •   |