Республикалық "Ана әлдиі", "Әже әлдиі" және "Ақ орамал" байқауларының жеңімпаздары марапатталды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Интеркультурализм" жобасы аясында Маңғыстау облысының ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ және "Фракция жастары" қоғамдық қоры "Ана әлдиі", "Әже әлдиі" және "Ақ орамал" онлайн байқауын ұйымдастырды.
Байқауға Маңғыстау облысының барлық өңірлерінің аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Бір ай бойы байқауға қатысушылар әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында бейнероликтер жариялады.
"Ақ орамал" конкурсында: 1 орын - Оңалбаева Ақерке, Маңғыстау ауданы; 2 орын - Утешова Сарсенбиби, Мұнайлы ауданы; 3 орын - Қадыр Қарашаш Жұмабекқызы, Бейнеу ауданы. Байқау жеңімпаздары алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар алды. Байқаудың қалған қатысушылары да ынталандыру сыйлықтарын алды.
Марапаттау рәсімінде облыстық "Әже әлдиі" байқауының және республикалық "Ана әлдиі" акциясының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша: 1 орын - Оналдыкова Улбиби, 2 орын - Башенова Зауреш, Жаңаөзен қаласы; 3 орын - Шоманова Макпуза Жаңаөзен қаласы.
Акцияға белсенді қатысушылар қатарында Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылынан Күнсұлу Есенова, Зәуреш Бәшенова, Қарақия ауданының Жетібай ауылынан Жаңыл Бегешова бар.
"Ана әлдиі" облыстық конкурсының жеңімпазы Мұнайлы ауданының тұрғыны Кошджанова Гульмира болды, 2 орынды Түпқараған ауданының Баутино ауылынан Сүлейменова Марина иеленді. 3 орынды Түпқараған ауданы Таушық ауылынан Нұриза Манасқызы иеленді.
Мұндай іс-шаралар болашақта да ұйымдастырылады, өйткені олар танымдық болып табылады және қазақ халқының салт-дәстүрлерін біріктіреді.


  • |  Просмотров: 195  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:23-10-2021, 09:27  |  
  •   |