Жаңаөзен қаласында Карате-до Кекушинкай II Республикалық ашық турнирінің жалауы желбіреді

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңаөзен қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Тимур Мусаевтың, Аналар кеңесінің төрайымы Тілектес Болатбаеваның және Аналар кеңесінің мүшесі Айсұлу Исаеваның қатысуымен шара ұйымдастырылды.
Жаңаөзен қаласында кіл мықтының мықтысын анықтайтын байрақты бәсекенің шымылдығы түрілді. Дүбірлі додада еліміздің 9 өңірінен келген спортшылар бақ сынайды.
Салтанатты ашылуда еліміздің әнұраны ресми түрде ойналып, туы көтерілді. Жаңаөзен қаласының әкімі М. Ибағаров сөз сөйлеп, турнирді ашық деп жариялады. Сондай –ақ «Ақ жол» паритиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев арнайы бейнежазба арқылы Республикалық ашық турнир ұымдастырушыларға алғысын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Турнирдіңи ашылу рәсіміне Қазақстан жекпе жек қауымдастығы президентінің кеңесшісі Құрмет Нүкенов, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Қошқарбайұлы, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев, Қазақстан Республикасының Кекушенкай Карате-до Федерациясының президенті Мұхтар Асанұлы, Жаңаөзен қаласындағы карате-до Кекушинкай федерациясының диреторы Алдаберген Дүйсекенов және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған жарыс МАңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және Қазақстан Республикасының Кекушенкай Карате-до Федерациясы мен «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облстық филиалы ұйымдастыруымен және «Адай автобөлшегі» мекемесі, «Өзенпромгеофизика» АҚ мен Жаңаөзен қаласының «Coca Cola» компаниясының демеушілігімен өтуде.
Осылайша егемен қазақ елінің ырысын еселеп,атағын әлемге паш еткен Маңғыстау мұнайының 60 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған карате-до Кекушинкайдан II республикалық ашық турнирі бастау алды.


  • |  Просмотров: 128  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-10-2021, 09:22  |  
  •   |