ҚХА медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті

Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған "Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы" атты республикалық лекторийі өтті.
Республикалық лектория аясында ҚХА медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті. Семинарға ҚР АҚДМ, ҚХА құрылымдарын дамыту және жобаларды іске асыру басқармасының басшысы — Талшин Италиева, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары - Үйсімбаев Еркін, ҚХА өңірлік медиация кеңестерінің басшылары мен мүшелері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Еркін Үйсімбаев бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал ететін, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыратын, соттардың жұмысын едәуір жеңілдететін, сондай-ақ азаматтарымыздың уақыты мен материалдық қаражатын үнемдейтін медиация институтының маңыздылығын атап өтті. Қазіргі әлемде әлеуметтік - экономикалық дамудың жетістігі халықтың бірлігіне, этносаралық келісімге және конфессияаралық үйлесімділікке тікелей байланысты және біздің еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуінің іргетасы ретінде халықтың бірлігі мен келісімін қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Спикерлер Сисенбаева А. - Этносаралық қақтығыстарды реттеу жөніндегі әдістемелік оқу құралының авторы, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі, Шалбулова К. – заңгер, психолог, тренер - медиатор, сондай-ақ Нарбаева г. – тренер-медиатор, медиация бойынша PhD, София университетінің постдокторанты, семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара соңында спикерлер семинар-тренингтің барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.


  • |  Просмотров: 234  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:16-09-2021, 19:06  |  
  •   |