Достық үйінде ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Шанаи Назипа Ыдырысованың ​ қатысуымен Аналар кеңесінің кездесу өтті.

Сонымен қатар, отырысқа облыстық ҚХА жанындағы Маңғыстау облысының Аналар кеңесінің мүшелері, облыстық ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары, облыстық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, қоғамдық белсенділер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты аналар кеңесінің отбасын нығайту, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, тұлғаның рухани, адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша жұмысын жандандыру болды.
Отырыс барысында Маңғыстау облысының аналар кеңесі отбасының әлеуметтік институтын нығайту, отбасылық қатынастар мен балаларды тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі рухани – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту мақсатында осы уақытқа дейін өткізген іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ Аналар кеңесінің алдағы уақытта атқаратын жұмыс жоспары талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.


  • |  Просмотров: 225  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:19-07-2021, 18:09  |  
  •   |