"Жастар арасында экстремизм, расизм, ксенофобияның алдын алу" тақырыбында семинар тренинг өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА Жаңаөзен қаласы өкілдерінің ұйымдастыруымен Жастар орталығы қызметкерлері және еріктілер арасында "Жастар арасында экстремизм, расизм, ксенофобияның алдын алу" тақырыбында кең көлемде семинар тренинг өтті.
Семинарда мекеме өкілі Раушан Алиева семинарға экстремизмнің таралу жолдарын бірнеше тараулармен бөліп сақтану жолдарын айтып арнайы дайындалған ақпаратпен бөлісті, одан соң қатысушыларға "Экстремизм-қауіпті дерт", "Жат ағымның қоғамға әсері", "Қоғам және мен" - атты арнайы түсірілген видеороликті назарға ұсынылды.
Кейін семинарды арнайы шақырылған қонақ Жаңаөзен қалалық Орталық мешітінің бас имамы Юнус Ага Қадырқұлұлы мұрындық болды, ол жас ұрпақ жеткіншектерге жат ағымның қоршаған ортаға зияны мен қауіптену жолдарын айтып, бірнеше мысалдар келтірді, тиімді уағыздар айтылып, мысалдар келтірді, жастар көкейлеріндегі сұрақтармен бөлісіп семинар сұрақ жауаппен аяқталды.


  • |  Просмотров: 67  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:10-06-2021, 17:37  |  
  •   |