Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ҚХА кафедраларының қызметіндегі перспективалы шекара маңы ынтымақтастығы: этноинтеграциялық трендтер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде онлайн форматта «ҚХА кафедраларының қызметіндегі перспективалы шекара маңы ынтымақтастығы: этноинтеграциялық трендтер» халықаралық сраапшылардың қатысумен VІ республикалық ғылыми-практикалық вебинар өтіп жатыр.
VІ Республикалық ғылыми-практикалық вебинарды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың РҚБ «Шаңырақ» «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының қауымдастығы» мен «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті ұйымдастырды.
Аталған шараға мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпустың өкілдері, шетелдік сарапшылар, ҚХА кафедралары Қауымдастығының мүшелері, қазақстандық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы мен жас ғалымдар қатысты.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов өз сөзінде қазақстандықтарды ҚР мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, вебинарды ұйымдастырып отырған Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне алғысын білдірді.
- 26 сарапшы қатысып отырған бұл VІ Республикалық ғылыми-практикалық вебинардың маңызы жоғары. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін айтқым келеді, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.
Сондай-ақ, қазір еліміздің барлық облыс орталығында Достық үйлері мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы қарқында жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді.
Вебинарда Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы ҚХА төрағасының орынбасары Гүлмира Қалмұратова, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің президенті, Маңғыстау облысы ҒСТ жетекшісі Берік Ахметов, Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасы Ғалым Шойкин, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақбота Жолдасбекова, Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ҚХА кафедрасы меңгерушісі, «Шаңырақ» ҚХА кафедраларының қауымдастығының төрайымы, саяси ғылымдар докторы, ХАА академигі Наталья Калашникова пікір білдірді.

ҚХА кафедраларының қызметіндегі перспективалы шекара маңы ынтымақтастығы: этноинтеграциялық трендтер

 



  • |  Просмотров: 14  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:8-06-2021, 15:39  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: