Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 31 мамыр - «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай» жыл сайын дәстүрге айналған өңір белсенділерімен шаралар өтуде.
Бұл бағытта Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан кәріс және неміс этномәдени бірлестіктері репрессияға қатысқан жандардың шаңырақтарына барып, естелік сыйлықтар табыстады.
Өз кезегінде кәріс ЭМБ төрайымы Раиса Маденова бұл күннің маңыздылығын атап өтті.
"Саяси қуғын сүргін жылдары тарихымыздың қайғылы оқиғаларының бірі болып қала бермек. Қаншама адам қоныс аударды, зардап шекті, тамақ жетіспеді, аштықтан өмірден өтті.
Осынау қиын қыстау кезеңді өздері де басынан кешірген қазақ халқы көптеген ұлт өкілдеріне қамқорлық көрсетіп, қол ұшын берді. Ендігі ұрпақ тарихта ақтаңдақ болып қалған ашаршылық, репрессия тауқыметін көрмеуі тиіс. Осы тауқымет құрбандарына айналған тұлғалардың ұлы істері, ұлт тағдырына бастарын тігіп қызмет жасауы ұрпақ үшін үлкен тағылым аса мәртебелі ұлағат болды, олардың ерліктері ұмытылмақ емес, халықтың мәңгі жадында", - деді Раиса Ивановна.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

 

 



  • |  Просмотров: 15  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:31-05-2021, 13:30  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: