Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Түпқараған ауданында Саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалының жанында жыл сайынғы дәстүрлі акция өтті.
Іс-шараға Түпқараған ауданы әкімдігінің, ауданның ішкі саясат басқармасының өкілдері, Маңғыстау облысының "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалына гүл шоқтарын қойғаннан кейін, қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз қаза тапқандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
"Биыл 30 жылдығын атап өтіп жатқан Тәуелсіздік жолында біздің еліміздің үлесіне қиын сынақтар-саяси режимнің салдары түсті. Қазақстан жүздеген мың түрлі ұлт өкілдері: кәрістер, немістер, әзірбайжандар, шешендер және т.б. үшін Отанға айналды. Олар үшін қонақжай қазақ жері үйге, ал қазақ халқы туған - туыстарына айналды."- деп атап өтті іс-шарада еврей ЭМБ төрағасы
Ю. Кержбаум.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

 



  • |  Просмотров: 15  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:31-05-2021, 13:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: