Достық үйінде «Қуанышты күн» акциясы өтті.
Достық үйінде «Қуанышты күн» акциясы өтті.
Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай Қазақстан халқы Ассамблеясы «30 игі іс» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды ұйғарды.
Осыған байланысты Достық үйінде әр айдың соңғы жұмасында аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымды жандардың ат салысуымен «Қуанышты күн» акциясы өтеді.
Шараның негізгі мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларды және ата-аналарын әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту және оларға көңіл бөлу, қуаныш сыйлау.
Бүгінгі акция аясында бүлдіршіндерге тегін массаж жасалды, шаштараз балалардың шаштарын қиып, сәндеді. Барлық процедуралардан кейін қонақтар «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен жайылған ақ дастарханға жайғасып, түрлі тәтті тағамдардан дәм татты.
Осылайша қолдау көрсетіп, қуанышты күн сыйлаған барша мейірімді жандарға алғысымызды білдіреміз!
Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің дейді дана халқымыз. Жақсылық жасауға асығайық, ағайын!
- | Просмотров: 14 |
- Комментариев: 0 |
- Дата публикации:26-03-2021, 10:00 |
- |