Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ақтау қаласында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті

Ақтау қаласында ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Таза Табиғат" ұлттық жобасын іске асыру мақсатында бүгін, 21 наурызда Маңғыстау облысында "Таза Табиғат"экологиялық акциясы өтті. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңірде 2500-ге жуық ағаш отырғызылды. Акцияға басқарма басшылары мен мекеме мамандары, Қазақстан Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ еріктілер қатысты. 16, 17, 18, 32, 35 шағын аудандарға ағаштар отырғызылды. Маңғыстау облысында 5000-ға жуық адам жұмылдырылды.
"Ағаш отырғызу- сауапты іс, бұл аймақтың экологиясын жақсартады. Бүгінгі акцияға жастар да өз үлесін қосуда, бұл қуантатын жағдай өйткені жастайынан оларға өз қаласына, туған жеріне табиғатқа деген сүйіспеншілікті сіңіруіміз қажет", -деп атап өтті кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова.
Айта кетейік, акция Президенттің тапсырмасына сәйкес
экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің қолдауымен өтуде.

 



  • |  Просмотров: 18  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-03-2021, 10:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: