ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОЛОКОСТ ҚҰРБЫНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КУНІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОЛОКОСТ ҚҰРБЫНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КУНІ
Достық үйі ғимаратында "Шолом" еврей этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Халықаралық Холокост және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қасіретті құрбандарды еске алу күніне орай іс-шара өтті.
Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, медициналық қызметкерлер және колледждің студенттері, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, сонымен бірге БАҚ өкілдері қатысып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жиында Холокост трагедиясының хронологиясымен, сондай-ақ Освенцим концлагерінің тарихы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің қайғылы оқиғалары сөз болды. Сондай-ақ, Ақтау қаласының медициналық колледжінің студенттері жан түршігерлік жайттарды сипаттайтын өлеңдерді оқыды.
Маңызды шара сол сұрапыл жылдардағы қайғылы оқиғалар баяндалған деректі фильм көрсетілімімен аяқталды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОЛОКОСТ ҚҰРБЫНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КУНІ

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОЛОКОСТ ҚҰРБЫНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КУНІ

 

 



  • |  Просмотров: 119  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:26-01-2021, 12:00  |  
  •   |