Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Өзінің 25 жылдық тарихында Ассамблея жай ғана кеңес беруші ұйымнан парламентте өкілеттілігі бар халықтық институтқа айналды деді

Өзінің 25 жылдық тарихында Ассамблея жай ғана кеңес беруші ұйымнан парламентте өкілеттілігі бар халықтық институтқа айналды деді

Өзінің 25 жылдық тарихында Ассамблея жай ғана кеңес беруші ұйымнан парламентте өкілеттілігі бар халықтық институтқа айналды деді. Сонымен қатар осы кезеңде этносаралық немесе конфессияаралық кикілжіңдерге қатысты кез-келген құқық бұзұшылықтарды тоқтатуға, оларға қарсы қатаң шаралар қолдануға байланысты Конституциялық деңгейде біраз заңдар қабылданғанын айтып өткен болатын.
Шынын айту керек, Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемдік тәжірибеде қайталанбас құбылыс ретінде БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б. халықаралық ұйымдардың жоғары бағасын алған еді. Мемлекеттік тілдің статусына, оның қолданылу аясына қатысты Қазақстандағы барлық этностардың көзқарасы ортақ, оны елді біріктіруші басты құрал ретінде көре алады.
Осы еліміздің көпэтносты және көпмәдениетті ерекшелігін өзіміздің әлемдік бәсекелестіктегі басты артықшылығымыз қылу қажет. Бұл өте маңызды үдерісте әрине, негізгі және жауапты миссия мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқының мойнына жүктелетіні сөзсіз. Сөз соңында Елбасы Қазақстанда тұрып жатқан барлық этнос өкілдерін өздерінің бойындағы потенциалды ортақ үйіміз, қара шаңырағымыз Қазақ елінің болашағы үшін жұмсап, бір тудың астына ынтымағы жарасқан бір үлкен отбасыдай бірігуге шақырды.


  • |  Просмотров: 12  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:12-11-2020, 14:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: