Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ассамблея бірліктің ұйытқысы, берекенің бастауы, татулық пен тұрақтылықтың кепілі

Ассамблея бірліктің ұйытқысы, берекенің бастауы, татулық пен тұрақтылықтың кепілі

Ассамблея бірліктің ұйытқысы, берекенің бастауы, татулық пен тұрақтылықтың кепілі. Халықтың бірлігін нығайту әрқашан мемлекеттік саясаттың өзегі болған. Осы тұста Ассамблея қызметінің маңызы зор. Биыл Ассамблеяның құрылғанына 25 жыл толды. Елбасы Ассамблеяның қиын кезеңге қарамастан құрылып, осы күнге дейін жалғасын тауып келе жатқандығына тоқталып өткен болатын. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «Туған жер» жобасы жақсы нәтижеге жетіп отыр . Жоба жүзеге асқалы бері 12 мың меценат бұл іске белсенді араласқан. 270 млрд теңгеден астам қаржы бөліп, 5 мыңға жуық мәдени-әлеуметтік нысанды жаңартуға септігін тигізілді. Нұрсұлтан Назарбаев игі бастаманы жалғастыру керек деді.
Содан кейін Елбасы қазақ тілі мәселесіне жеке тоқталды. Мектеп бітірген әр бала қазақ тілінде жазып, оқып, сөйлей алатындай жағдай жасауымыз керек – деді. Елбасы мемлекеттік тілдің елдің бірлігін бекемдеуге келгенде әлеуеті зор екенін айтты. Этносаралық қарым-қатынастың тілі болуға болуға барлық мүмкіндік бар. Тек тілді меңгергендердің қатарын біртіндеп көбейту керек. Бірлік пен келісімнің қазақстандық моделінің өз тәжірибесі бар. Елбасы сол модельдің интеграциялық әлеуетін тиімді жүзеге асыруға мән беру керектігін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық қарым-қатынастағы қазақ халқының тарихи ролі мен жауапкершілігіне де тоқталды.Этнос өкілдерінің Қазақстанның дамуына қосып жатқан үлесі айрықша. Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев этностар көп шоғырланған орындарға қатысты пікір білдірді. Белгілі қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің алты тіліне аударылды. Бұл да «Рухани жаңғыру» аясындағы бір игі іс. Елбасы «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Енді міне біраз туынды ағылшын, орыс, қытай, испан, араб және француз тілдеріне тәржімаланды.
Қиын сәттерде бүкіл Қазақстан жұдырықтай жұмыла біледі. Биыл болған біраз оқиға соған дәлел. Этникалық топтар мен діни конфессиялар арасындағы өзара құрметті арттыра түсу, келісім мен тұрақтылықты нығайту мерейлі жылға арқау болуы тиіс еді. 25 жылдыққа жоспарланған іс-шаралардың дені осы бағытты қамтыған. Алайда карантин біраз іске қолбайлау болды. Бірақ қиындық қайраттандырды, бірлікті бекемдеді. Төтенше жағдай жарияланған күннен бастап волонтерлер қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсетті. «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп». Ел іші тату болса, береке кіреді. Бейбітшілік бар жерде экономика өркендейді, саясат салмақты болады. Құбылмалы әлемде ешқашан өзгермейтін бір құндылық барын Елбасы үнемі айтады. Ол қоғамдағы бірлік пен ұлтаралық келісім. Осы құндылықты кейінгі ұрпаққа аманаттау парыз. Әсіресе қазіргі алмағайып тұста елдің ішкі бірлігі бағалы.
 


  • |  Просмотров: 30  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:12-11-2020, 13:00  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: