"Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы
Бүгін Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қоғамдық келісім"мемлекеттік мекемесі қызметкерлері Маңғыстау облыстық "Жас Ұлан" қоғамдық бірлестігімен бірлесе "Қарлығаш" балабақшасында "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында "Тиімді тілдік орта" ойын алаңы атты жарыс өткізді.
Жарыстың мақсаты: Ұлттық ойындар тарихын жандандыру, ұлттық ойындар туралы білу. Өз отанын суюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Шара соңында бүлдіршіндерге сыйлықтар таратылды және балабақша ұйымдастырушылары алғыс хаттармен марапатталды.
- | Просмотров: 310 |
- Комментариев: 1 |
- Дата публикации:22-09-2020, 09:00 |
- |