ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ

         Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық онлайн конференциясы өтті. Аталмыш шара ҚХА-ның 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жобасын жалғастырып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы жолындағы ерен еңбегін айшықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетінде жарияланған «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты мақаласын талқылау және  «Қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдау» тапсырмасын жүзеге асыруды көздейді. Онлайн конференцияға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Қазыбек Иса, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымының өкілдері қатысты. Конференция жұмысына қатысушылар және өңірлік Ассамблея өкілдері ZOOM конференц-платформасы және ҚХА-ның Фэйсбук желісіндегі ресми парақшасында көрсетілген тікелей эфир арқылы онлайн режимде қосылды.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ


  • |  Просмотров: 359  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:1-07-2020, 18:45  |  
  •   |