Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЕҢІС КҮНІ

    Жеңіс күні-келер ұрпаққа бейбітшілік пен тыныш өмір сыйлаған күн, барша адамзат аңсап күткен күн! -Жеңістің туын желбіреткен 1945 жыл 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні! Жеңіс күні-əр адамды толқытатын ерекше қастерлі күн! Отан үшін от кешіп,соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан Жеңіс туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне басымды иемін! Бұл күн мен үшін де аса қастерлі күн! Менің əкем-Рамаш Өтешұлы майдангер,осы соғыстың үшінші топтағы мүгедегі еді.Елге аман-есен оралған соң,еліне қажырлы еңбек еткен қарапайым еңбек адамы. Ұлы жеңіс күні əкемді мақтанышпен еске аламын! Келер ұрпаққа бақыт нұрын сыйлаған ЖЕҢІС күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш,іргеміз бүтін көк аспанның астында көк туымызды желбіретіп бақытты ғұмыр кешейік! Ағаларымыз каска киіп, жеңіс туын желбіретсе,біз маска киіп, ауызбіршілікпен тəртіпке бағынып, елімізге төнген аты жаман ауыруды жеңуге атсалысайық, ағайын-бауырлар!

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Аналар кеңесінің мүшесі Гүлсім Рамашева



  • |  Просмотров: 18  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:9-05-2020, 14:33  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: