«ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

        Қазақстан халқы Ассамблесының 25-жылдығына орай  Маңғыстау облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» тақырыбында  «Интернационалды отбасы»  отбасылар байқауы откізілді.

Мақсаты: көп ұлтты  Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып - Тәуелсіздікке тірек болған ел бірлігінің ең басты тұтқасы екенін жете түсіндіру.

Конкурсқа  жеті интернационалды отбасы қатысты.  Байқау төрт кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең, «Отбасы болу да – өнер», әр отбасы өздерін жан-жақты таныстырып, отбасы туралы мақалдың соңын жалғастырды.  Екінші кезең, «Шығармашыл отбасы», отбасылар өз өнерлерін көрсетті. Үшінші кезең, «Дені саудың жаны сау» спорттық эстафетасы, отбасылар әр түрлі спорт түрлерінен жарысты, соңғы «Ұлттық асхана», бұл кезеңде отбасылар ұлттық тағамдар дайындады.

Байқау соңында әділқазылар үшін шешім шығару қиынға соқты. Өйткені  қатысушы үміткерлердің дайындығы өте мықты болды. Сондықтан бір ауыздан барлығы келісіп, байқаудың қорытындысы бойынша достық жеңді.

Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ «ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ «ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ «ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ  


  • |  Просмотров: 491  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-03-2020, 11:29  |  
  •   |