Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

           Қазақстанхалқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының  негізгі 4 бағытының бірі - «Тәрбие»,  спорттық (азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру, ел өңірлерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту және т.б.)  Осы бағыт бойынша  Қазақстан халқы Ассамблеясы «NEXT ЧЕМПИОНМЫН» республикалық акциясының тұжырымдамасын әзірледі. Әзірленген тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы  іс-шара ұйымдастырды:

Ағымдағы жылдың 11 наурызында Ақтау қаласы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде ерекше тұлғадағы балалар үшін үстел теннисінен және «Каспий» футбол клубында футболдан шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.  Мақсаты: осал топтағы балаларды спортқа тарту,қолдау көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Іс–шара өңірлік ҚХА еріктілерінің, этномәдени бірлестіктердің, спорт кешені жаттықтырушыларының мұрындық болуымен өткізілді.

«Бүгін «NEXT ЧЕМПИОНМЫН» республикалық акциясы аясында ерекше тұлғадағы балаларға үстел теннисінен және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне футболдан шеберлік сағаттарын өткізуді ұйымдастырдық. Даму ерекшелігі, я болмаса басқа факторлар болсын,  біз үшін барлығы маңызды. Сондықтан бүгінгі спорттық шаралардың маңыздылығы жоғары деп санаймын. Теннисті балалар өте керемет ойнады. Спортқа, оның ішінде тенниске қабілеттерінің жоғары екендігін көрсетті және ойын да  балаларға  ұнады. Осы акцияны өткізуге қолдау көрсеткені үшін «Маңғыстау Арена» спорт кешені, «Каспий» футбол клубы басшыларына, жаттықтырушыларға, этномәдени бірлестік төрағаларына алғысымды білдіремін. Осымен шектелмей, алдағы уақытта да спорт саласы бойынша волонтерлік қызмет жалғасын табатын болады».

Баматгереев Руслан Абуович

Маңғыстау облысы ҚХА еріктісі

 

 

 

«Бүгін өңірлік ҚХА еріктілерінің, «Маңғыстау Арена» спорт кешені басшысының қолдауымен республикалық «Мен келесі чемпионмын» акциясына,  Ақтау қаласы №2 орта мектепте оқитын ерекше тұлғадағы балаларды әкеліп отырмыз. Бүгінгі акция аясында үстел теннисінен шеберлік сынып сағаттарын ұйымдастастырып, ерекше тұлғадағы балаларға қолдау көрсеткендері үшін облыстық ҚХА-ға алғысымызды білдіреміз.  Жаттықтырушыларға балалардың ойындары  ұнады. Өйткені балалар спорттың осы түрін бұрыннан да ойнап, үйреніп жүргендерін, қабілеті бар екендіктерін көрсете білді, спортқа өте жақын, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондықтан да ұйымдастырушы еріктілер алдағы уақытта айына бір рет  балаларға спорттың осы түрінен үйірме өткізуге ұсыныстарын білдірді. Тағы да бір қуантарлық жағдай, өңірлік этномәдени бірлестіктер осы ерекше тұлғадағы балаларға арнап ракетка, шариктер, мүмкіндік болып жатса үстелдер алып беру жолдарын қарастырып, қолдау көрсететіндіктерін айтты».

«Маңғыстау облыстық ерекше тұлғалардың дене шынықтыру және спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Жарылгас Маңдайлы Ыстыбайқызы

 

Бүгінгі шаралар балаларға үлкен демеу болып, спортқа деген қызығушылықтарын оятып, болашақта жақсы нәтижелерге жетуіне себепші болады деген ойдамыз.

ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ЕРІКТІЛЕР ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖӘНЕ ФУТБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ  


  • |  Просмотров: 26  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:11-03-2020, 09:22  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: