Фариза Оңғарсынованың ұстазымен кездесу
Осы жылы қазақ ханшайымы, қоғам қайраткері, жазушы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толды. Осыған орай, кәріс этномәдени бірлестігі IT лицейінің оқушыларымен Зорина Кларамен кездесу ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды оқушы Фаризаның өмірімен таныстыру. Зорина Дмитриевна - атақты поэт, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованы орыс тіліне үйреткен ұстазы. Кезедесу барысында оқушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Клара Дмитриевна оқушыларға оқушы Фаризаның өмірі, мектеп қабырғасындаоқып жүргенде оның өте алғыр, шынайы, мейірімді, талантты, өз туған жерін сүйетін патриот болғанын айтып берді. Оқуышылар шын көңілмен тыңдап, ерекше әсерде болды. Зорина Дмитриевна «Мен Фаризаны орыс тіліне үйретсем, ол маған қазақ тілін үйрететін» деп, ақынды жылы еске алды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
- | Просмотров: 9 |
- Комментариев: 0 |
- Дата публикации:25-11-2019, 17:27 |
- |