Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Мың бала» жобасы

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы - этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының, студенттердің мемлекеттік  меңгеруі мен олардың ұлттық құндылықтарды  сіңіруге бағытталған шара. Ол еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп, әр аймақ өз жеңімпазын анықтайды.

Маңғыстау облысы бойынша бұл шара өткізіліп, жоба жеңімпаздары анықталды. Олар: «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары бойынша, «Абай шығармаларының жанрлық өзгешелігі, құрылысы және идеялық мазмұны»  жұмысының авторы  Мендеева Санимгул Амантаевна,  «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу бойынша «№ 1 жалпы білім беру  орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы  Галушко Валерия, Әлеуметтік желілердегі этностар өкілдерінің балалары мен жастары арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын #ózim týraly акциясы бойынша «№ 1 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушысы  Салимов Эмил, Латын графикасы бойынша «Sende bir kirpish dúnіege...» шығармашылық конкурсы бойынша «№ 6 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің 9 сынып оқушысы Бабашова Гунель. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың 25 қарашасында өткен Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық марапаттау кешіне қатысып,  арнайы Алғыс хат пен музыкалық аспап – домбыраны  иеленді.



  • |  Просмотров: 12  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:25-11-2019, 17:24  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: