Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Шараның мақсаты – халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев, мемлекеттік мекеме басшылары, аудан, қала әкімдері, облыстық ірі компания өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ еткен еңбегі мен төккен терінің арқасында қарапайым халық арасынан дараланып, кіндік қаны тамған ауылы мен өз өңірінің өркендеуіне үлес қосып жүрген меценаттар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев құттықтау сөз сөйлеп, іс-шара барысында Маңғыстаудың дамуына үлес қосқаны үшін 15 үздік меценат марапатталды.

Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясымен Боранбаев Бердіқожа Оңдасынұлы және Меңдібаев Абзал Меңдібайұлы марапатталды.

Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, алеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы Нұржан Закарияұлы Едилов, Раббим Борашов және Темір Мұсаевқа табысталды.

Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясын Қосуақов Айбек Қосуақұлы, Қалпақ Наурызмағамбетов және Есенгелдина Толкын Сәкенқызы иеленді.

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық жобаларды және/немесе акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені және/немесе қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасағаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен НОРТ КАСПИАН ОПЕРЕЙТИНГ КОМПАНИ («NCOC») компаниясы, Қаражанбасмұнай» акцинерлік қоғамы және «Оғыланды-Бекет ата» қоғамдық қоры марапатталды.

Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілігі» номинациясымен "Біз адамдар - Біз біргеміз" қоғамдық қоры, "Айтыман" қоғамдық қоры және Сейдов Орынбасар Асамбайұлы марапатталды.

 «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өңір өнерпаздары ұсынған мерекелік концертпен жалғасты.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫН САЛТАНАТТЫ ҚҰТТЫҚТАУ РӘСІМІ ӨТТІ  

 

 

 



  • |  Просмотров: 27  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:14-11-2019, 16:23  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: