Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫ КЕНЖЕБЕК СЕРЖАНҰЛЫ ШЕТПЕДЕ

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Маңғыстау аудандық Қоғамдық Келісім Кеңесі және Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Lectorium" жобасы аясында елімізге танымал қоғам белсендісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, ақын, өлкетанушы, жастар жанашыры - Кенжебек Сержанұлымен кездесу өтті. Кездесу аудандық Жастар орталығындағы «Жастар Коворкинг» алаңында ұйымдастырылды. Кездесу сұхбатты орталық басшысы,кеңес төрағасы Аллаберген Қонарбаев жүргізді. Кездесуге ауданның белсенді жастары мен бірге М.Атымов атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары қатыстырылды. Кездесуде Кенжебек Сержанұлы бүгінгі қазақ журналистикасы мен әдебиеті, өлке тарихы жайында өз ойларын ортаға салды. Жастар тілшіге өз сауалдырын қойып, жауаптарын алды. Кеште жас ақын өлең шумақтарын да оқып көпшілікті тәнті етті. Шарада К.Сержанұлының газет пен кітаптарынан көрмелер ұйымдастырылды. Соңы естелік суретке түсумен аяқталды.

ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫ КЕНЖЕБЕК СЕРЖАНҰЛЫ  ШЕТПЕДЕ      

 

ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫ КЕНЖЕБЕК СЕРЖАНҰЛЫ  ШЕТПЕДЕ      

 



  • |  Просмотров: 22  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:8-11-2019, 16:07  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: