Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Болашақ жастардың қолында

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында  Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Джумурбаев Маңғыстау облысының жастарымен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау  және түсіндіру,  негізгі 5 бағыты жөнінде презентация көрсету.

 Маңғыстауға іссапары барысында Т.Джумурбаев ең алдымен Ақшұқыр елді мекеніндегі «Қазақ Осетр» ЖШС-нің бекіре шикізат фирмасына барды.  Бекіре балығымен айналысатын бұл   шикізат фирмасы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бизнес картасы – 2020» бағдарламасының аясында құрылған болатын.

«Киелі мекен Маңғыстауға келгеніме өте қуаныштымын. Маңғыстауға іссапарым барысында ең алдымен осы бекіре өсірумен айналысатын кәсіпорынға келіп, танысып жатырмын. Өте керемет. Қазіргі уақытта бұл зауытта 38 бассейн, оның әрқайсысында  әртүрлі, атап айтатын болсақ, орыс бекіресі, сібір бекіресі және т.б. бекіре тұқымдас сұрыптар өсірілуде екен. 2019 жылы Жастар жылы деп белгіленгені бәрімізге белгілі және Елбасының «Бизнес картасы – 2020» бағдарламасы аясында құрылған бұл жоба кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіруші жастарға  жаңа серпін береді. Сөзімнің соңында, шикізат фирмасының қызметіне сәттілік, табыс  тілей отырып, алдағы уақытта бұдан да  биік белестерден көрінуіне шын жүректен тілектеспін», - деді Тимур  Джумурбаев.

Сонымен қатар түстен кейін Тимур Джумурбаев Достық үйінде Маңғыстау жастарымен кездесті. Оның ішінде  РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшелері де бар. Кездесуге Ұлттық дельфийски комитеттің атқарушы директоры Туспекова Құралай Айтқабыловна, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының белсенді мүшелері Молотова Шахноза, Зиганшина Ригина және Мемлекеттің жастарға берген мүмкіндігін тиімді пайдаланып жүрген жас жеке кәсіпкер Жариев Қобылан Маратұлы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Кенжебек Сержанұлы қатысты.

Кездесу барысында  жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түсіндіріліп талқыланды.

2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені Елбасымыз                    осы жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын. Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Кездесу барысында 9 жылдық тәжірибесі бар жас кардиохирург, кәсібін жаңа бастаған жас кәсіпкер Қобылан Жариев Елбасының жастарға берген мүмкіндіктері арқасында кәсібін қалай ашқанын, қалай жетістікке жеткенін, қазіргі таңда кәсібі алға басып, оң нәтиже көріп отырғандығын  айтып, кәсіп ашқысы келетін жастарға жаңа мүмкіндік, жаңа серпін, күш берді.

Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы төрағасының орынбасары Тимур Джумурбаев  «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабының белсенді мүшесі Огай  Антонинаға Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың Алғыс хатын табыстады.

Кездесу соңында  облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары  Мұқаш Бекенұлы: «Әрбір қазақ жастары өздерін  ұлтжандымын деп ұғынып, еліміздің  бейбітшілік  аспанында  қазақ жастары  тәуелсіз елдің  айқын  мақсаттарымен  жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға  жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау, еліміздің жарқын болашағына үлес қосу әрбір саналы да білімді жастарымыздың қолында», - деді.

Кездесуге барлығы 300-ге жуық жастар қатысты.

 

Болашақ жастардың қолында Болашақ жастардың қолында

 

Болашақ жастардың қолында Болашақ жастардың қолында

 



  • |  Просмотров: 71  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:8-11-2019, 12:31  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: