Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Мектеп медиациясы – білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды, жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс.

 

Жаңаөзен қалалық коворкинг орталығында медиация бойынша практикалық семинар өтті. Кездесуге Достық үйінің медиация кабинетінің меңгерушісі Саталиева Сания Тулебайқызы, кәсіби медиатор Акмурзаева Мадина Сидназаровна, Жаңаөзен қаласындағы ҚХА өкілі Қалиев Ерлан Ілиясұлы және жергілікті мектептер мен колледждердің ұжымдары қатысты. Бұл семинарда мектеп медиациясының мәселелері талқыланды. Сәния Саталиева тәрбиешілер арасында «медиация», «мектеп медиациясы», «кәсіби медиатор» және «кәсіби емес медиатор» ұғымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде, кәсіби медиатор Акмурзаева Мадина жиналғандарға өзінің кәсіби медиатор ретіндегі тәжірибесі туралы айтып берді және медиатор тәжірибесінен бірнеше мысалдар келтірді. Қатысушылар арасында ақпараттық материалдар таратылды.

Семинар модераторлары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді және оларды татуластыру қызметімен тығыз байланыста болу үшін оларды тегін оқытудан өтуге шақырды. Бұл әлеуметтік маңызы бар  шараға  барлығы  30  адам қатысты.

 ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ  ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА МЕДИАЦИЯ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ


  • |  Просмотров: 12  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:31-10-2019, 09:13  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: