Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозович Достық үйінде

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Достық  үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Аббозұлы  Пулатов өңірлік этномәдени бірлестік төрағаларымен кездесті. Кездесу  еркін форматта өтті.  Кездесуге сонымен қатар  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жайылханова Аманкүл Әбдіғалиқызы және  қызметкерлері қатысты.

Алғаш рет Достық үйінде болған Шерзод Аббозұлы өз сөзінде: «Бүгін мен осындай әдемі ғимаратта сіздермен қауышқаныма  қуаныштымын.  Мұндай  керемет  ғимаратта жұмыс жасау – сіздер үшін де, біздер үшін де үлкен  мәртебе. Осы уақытқа  дейін еліміздің барлық өңіріндегі Достық үйлерін аралап,  этномәдени бірлестік өкілдерінің ұсыныстарын, идеяларын тыңдадым. Әрине, бүгінгі кездесу ресми емес, жәй еркін форматтағы кездесу деп біліңіздер. Сондықтан бүгінгі кездесуде сіздердің Ассамблеяны дамыту мақсатында ұсыныстарыңызды, жаңа идеяларыңызды, тіпті үлкен ауқымды жобаларыңыз болса,  мүмкін жұмыс барысында туындап жүрген, шешімін таба алмай жүрген мәселелер болса тыңдауға дайынмын.   Алдағы уақытта  сіздердің сол  ұсыныстарыңыз бен кеңестеріңіз Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жандандыруға  көмектеседі деген ойдамын», - деді.

Кездесу барысында ҚХА қызметі мен алдағы жоспарлар туралы мәселелер талқыланып, этномәдени бірлестік төрағалары тарапынан ұсыныстар  айтылып, кеңестер берілді. Осылайша Шерзод Аббозұлы мен этномәдени бірлестік төрағалары арасында конструктивті қарым-қатынас орнады.

Сонымен қатар Шерзод Аббозұлы  келесі жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоғары деңгейде  өтуіне ат салысу керектігін тілге тиек етті.  

Кездесу соңында облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы  Шерзод Аббозұлын  былтыр пайдалануға берілген жаңа Достық үйінің үш қабатын да (концерт залы, конференц-зал, кинозал, асхана, көрме залы, т.б.)  аралап, таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозұлы  облыстық ҚХА хатшылық меңгерушісі Г.Мақсұтқызына, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы А.Жайылхановаға, этномәдени бірлестік төрағаларына  алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозович Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозович Достық үйінде
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозович Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод Аббозович Достық үйінде

 



  • |  Просмотров: 27  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-10-2019, 14:25  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: