Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

«Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы өзара қарым-қатынасы» тақырыбында семинар-тренинг

Ағымдағы жылдың 21 қазанында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен «Қорған» қоры Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті ғимаратының мәжіліс залында «Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы өзара қарым-қатынасы»  тақырыбында семинар-тренинг  ұйымдастырылды.

Семинар-тренинг мақсаты: азаматтар құқығын барлық бастапқы қорғаудың қолжетімді және тегін инфрақұрылымын құру, халықтың құқықтық деңгейін білім деңгейін арттыру, азаматтардың, ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған санаттағы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ұлттық жүйесін құру.

Семинарға ІІД қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері, медиация орталықтарының өкілдері, «Құқық қорғаушы»  қауымдастығы заңгерлері және МО ҚХА медиация кабинетінің өкілі қатысты.

Семинар барысында азаматтар құқығын қорғаудың қолжетімді және тегін инфрақұрылымын құру, аз қамтылған санаттағы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жаңа жобалар таныстырылып, жоба жетекшілері қатысушыларға осы жобалардың жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы өзара қарым-қатынасы»  тақырыбында семинар-тренинг «Мемлекет пен азаматтық қоғамның арасындағы өзара қарым-қатынасы»  тақырыбында семинар-тренинг


  • |  Просмотров: 23  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-10-2019, 08:59  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: