Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Құстарға пана

№3 орта мектебінде «Арт-скворечник» экологиялық шарасы өтті. Ауа райының салқындағанына байланысты, оқушылар өз қолдарымен құс үйін жасап, оларды қазылар алқасының назарына ұсынды. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңаөзен қаласы бойынша өкілі Ерлан Қалиев, Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Бақытжан Мұхаммед, жергілікті салауатты өмір салтын насихаттау орталығының маманы Шамсынұр Байқұлова және №3 орта мектебінің директоры Марина Қарамбетова кіріп, оқушылардың жұмыстарын бағалады. І-орын Айнұр Шукуроваға, ІІ-орын Ангелина Саратовкина мен Тамара Кимге, ІІІ-орын Меруерт Максимова, Артем Ким мен Алексей Полетаевке берілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Шара барысында Александр Мозгалев пен Ангелина Бухмина Әбіш Кекілбаевтің 80-жылдық мерейтойына орай, Әбіштің шумақтарын жатқа айтып берді.

Шара соңында құс ұялары  мектептің алдында өсіп жатқан ағаштарға қағылды.

Ерлан ҚАЛИЕВ,

ҚХА Жаңаөзен қаласы

бойынша өкілі

Құстарға пана Құстарға пана Құстарға пана  Құстарға пана

 



  • |  Просмотров: 28  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:21-10-2019, 19:49  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: