Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

Ағымдағы жылдың 18 қазанында өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық әмбебап кітапханамен бірлесіп. ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай поэзиялық кеш өткізді. Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері, әртүрлі этнос оқушылары, №6656 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты.

Іс-шара барысында кітапханашы Асия Нұтанқызы шараға қатысушыларды Абай шығармаларымен таныстырды. Абай өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытып жүрген  студенттер, жастар ақынның  өлеңдерін, шығармаларын оқыды.

Іс-шара барысында сонымен қатар этнос жастары өкілдері де ұлы ақын өлеңдерін, шығармаларын жатқа оқыды. Абайдың өзі "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" деп айтып кеткеніндей мұндай іс-шаралар Қазақстан халқын ынтымаққа, достыққа, бірлікке шақырады.

№6656 әскери бөлімінің сарбазы Төлеутай Ансарұлы ақынға өзінің жүрекжарды өлеңін оқыды.

АБАЙ АТАМЫЗҒА АРНАУ

Қағып тұрып майын ішкен қара сөздің,
Қаһарлы қиындықтың бәрін төздің.
Алаш дедің арғымаққа мінген бойда,
Бойымызға рух сыйлаған баба сөзің.

Дархан далам өзіңді іздеп азынайды,
Ұлтың неге рухсызданып қалжырайды,
Біреулердің жетегінде кетпеу үшін,
Намыстың арқасында тапжылмайды.

Білімді іздейтіндер сирек боп тұр,
Істегені рақымсыз бүлік боп тұр.
Артыңда қалған мына ұрпағыңа,
Абай ата ақылың керек боп тұр.

Қара сөзің тұнып тұрған тәрбиеге,
Үнің сынсып тұрғандай жан дүниемде.
Ақын баба сен салған дара жолың,
Өшкен жоқ, шарықтап тұр әлі күнге.

Алаш сені дана деген, дара деген,
Өлеңдерің оқығанға сана берген.
Абай ата, өзіңізге мың рахмет,
Халқыңа иман нұрын ала келген.

Айымызда туып келеді жаңа-жаңа,
Күн кешкен жоқ шөл басқан сахарада
Халқыңа намыс берген, рух сыйлаған,
Қазақты әйгілі еткен АБАЙ дара.

 

Ұлы Абайға арналған поэзиялық кеш соңында ақынның өлеңін, шығармаларын оқыған жастар Алғыс хаттармен марапатталып, ең жақсы оқығандарға өңірлік Ассамблеяның атынан сыйлықтар табысталды.

 ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ  ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ  ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ  ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

 



  • |  Просмотров: 29  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:18-10-2019, 19:33  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: