Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Корей этномәдени бірлестігі «Чхусок» мейрамын тойлады

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Маңғыстау туризм колледжінде өңірлік корей этномәдени орталығы "Чхусок" дәстүрлі мерекесін атап өтті.

Аталмыш іс-шараға  колледж мұғалімдері мен студенттері, корей этномәдени орталығының өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының өңірлік штабы  қатысты.   «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Маденова Раиса Ивановна келген қонақтарды корей халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, өнерімен таныстырып өтті.
          «Чхусок» – қыркүйек пен қазан айының ортасында тойланатын корей халқының ең атаулы мерекесі. Кореяда бұл мереке 5 күн қатарынан тойланады. Мереке атауының мағынасына зер салсақ «чху» корей тілінен аударғанда - күзді, «сок» - кешті білдіреді екен, яғни «күзгі кеш» деп аударылады. Мереке ежелден күзгі жиын-терім жұмыстарының аяқталуына сәйкес тұста, ай толған кезде тойланады. Атаулы мереке арнайы жеміс-жидектердің, дәнді дақылдардың пісіп жетілген кезіне орайластырылып өткізілетін ырыс-берекені, еңбекті насихаттайтың думанды мереке.

Іс-шара барысында жақында өткен корей кинофестивалінің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан бірнеше жастар Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «NURBANK» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы корей өкілдерінің аға буындарын атаулы мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыстады. 

«Чхусок» мейрамында корей халқының ұлттық тағамдары және ұлттық киімдерінен көрме жасақталды. Іс-шара соңында ән шырқалып, мереке көңілді аяқталды.

Корей  этномәдени бірлестігі  «Чхусок» мейрамын тойлады Корей  этномәдени бірлестігі  «Чхусок» мейрамын тойлады Корей  этномәдени бірлестігі  «Чхусок» мейрамын тойлады Корей  этномәдени бірлестігі  «Чхусок» мейрамын тойлады


  • |  Просмотров: 45  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:17-10-2019, 14:55  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: