Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

АҚТАУДА КОРЕЙ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Ақтауда «Kinoplexx - Aktau»  кинотеатрында екі толық метражды фильм көрермендерге ұсынылды: «Гангстер Шаман» комедиясы және «Читающий лица» тарихи драмасы.

Фестивальдің  ашылу салтанатында  фильм көруге келген Корей өкілдігінің  65 - 86 жас аралығындағы ересектерінен бастап қала жастары алдымен «Хает» би ансамблінің корей ұлттық биін және  Абай атындағы мәдениет үйінің «DIFaMILY CREW»  тобының  хип-хоп өнерін тамашалады.

Сонымен қатар Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы  Елшілік жанындағы Корей мәдени орталығының директоры  Ли Херан ханым сөз сөйледі: «Құрметті ханымдар мен мырзалар!» деп қазақ тілінде бастаған Херан ханым барша фильм көруге келген көрермендерді кинофестивальдің ашылуымен құттықтай отырып, осындай іс-шара екі ел арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жақындай түсуіне мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің  төрайымы  Маденова Раиса ханымға және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызына  алғысын білдірді.  

Корей фильмдеріне қызығушылық танытып келген  қонақтардың саны өте көп. Фильмде сатқындық, алдау, арбау, адамның ар-намысы бейнеленеді. Көрерменге толған зал кинодан керемет әсер алып бір жылады, бір күлді.

 

МО  әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ

Ақпараттық-ресурстық орталығы

АҚТАУДА КОРЕЙ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ АҚТАУДА КОРЕЙ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ АҚТАУДА КОРЕЙ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ АҚТАУДА КОРЕЙ КИНОФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


  • |  Просмотров: 19  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:6-10-2019, 18:18  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: