Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Аты әлемге әйгілі жазушы.

Бүгін өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе заманымыздың заңғар тұлғасы, қазақ әдебиетінде аты алтын әріппен жазылған, жазушы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, Ассамблея жастары, мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара мақсаты: этнос өкілдеріне қазақтың тарихында ерекше орны бар дара тұлға, халық жазушысы, қоғам қайраткері Әбіштің өмір жолын, ақынның қайталанбас туындыларын таныстыру.

Іс-шара барысында кітапханашы Асия Нутанқызы этнос өкілдеріне ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріп, Әбіштің көзі тірісінде басып шығарылған кітаптарымен таныстырды.

Әбіш Кекілбаевтың немересі Елдар Әбіш пен ұстазы Тамара Степанова әйгілі жазушының туған күніне орай дайындаған видеофильмі көрсетіліп, құнды материалдар айтылды.

 

«Бүгінгі қазақ елінің жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Осы уақытқа дейін ақын туралы білмеген екенмін. Әбіш – ең мықты және атақты ақын. Ол В.Шекспирдің, А.Чеховтың, т.б. елдердің ақындарының шығармаларын қазақшаға аударған дара ақындардың бірі екен. Қысқаша айтқанда бүгінгі шарада абыз Әбіш туралы көптеген мағлұматтар алдым. Осы іс-шараны ұйымдастырған ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтамын»

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестінің төрағасы Баматгереев Руслан Абуович.

Аты әлемге әйгілі жазушы. Аты әлемге әйгілі жазушы. Аты әлемге әйгілі жазушы. Аты әлемге әйгілі жазушы.


  • |  Просмотров: 19  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:3-10-2019, 18:53  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: