Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстан ынтымағы мен қоғамдық келісімінің дамуының негізі»

Міржақып Бағдатұлы

Ш. Есенов атындағы КМТИУ

ҚХА кафедрасының оқытушысы

 

Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстан ынтымағы мен қоғамдық келісімінің дамуының негізі»

 

Әлем тарихынан ойып тұрып орын алған Кеңес үкіметі кұлаған тұста этносаралық, Қазақстан Республикасы ұлтаралық жанжалдардың алаңы болады деп саясаткерлер болжаған болатын. Алайда, Қазақстан – казіргі таңда қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың мекені ғана емес, өзіндік әлемге «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін» ұсынған болатын. Дамыған мемлекеттер ұсыныс ретінде қарамай, тәжірибе ретінде пайдаланған болатын.

Жоғарыдағы сөзімізге дәлел ретінде, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев тек мемлекет ішіндегі ғана емес, әлемдегі болып жатқан құ-былыстарды дөп басып, заман талабына сай игі бастамаларды көтерді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамаларының бірі – мемлекет ішіндегі этностардың бірлігін, ынтымағын реттеп отыратын Қазақстан халқы Ассамблеясы. Сөйтіп, жаңа Қазақстанға жаңа бағыт, этностарды біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келді. Шын мәнінде, ол қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

Міне, содан бері мемлекет басшымыз ауысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. Жақында екінші мемлекет басшымыздың бірінші жолдауы халыққа жарияланған болатын.

Мемлекет басшысының алғашқы халыққа Жолдауы, тұңғыш Президенттің саяси-әлеуметтік бағытын бұрмаламады, керсінше одан әрі стратегиялық жоспарларды толықтырушы, әрі қарай дамытушы құжат ретінде жарияланды.

ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі» - деп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын жоғары бағалады. Тек, бағалап қана қоймай саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау, еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға әрі қарай жағдай жасау керек екендігі жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бұл бізді қуантатын жағдай, себебі қазіргі талабы қатал, ақылмен де, айламен де қадам басатын жаһандану дәуірінде алға дамуымыз үшін бірлігіміз, яғни мемлекеттің тұрақты дамуының негізі «Қоғамдық келісімдердің» ынтымағы маңызды екендігі екендігі белгілі.

 

 

 

 



  • |  Просмотров: 52  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:20-09-2019, 11:35  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: