Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Маңғыстау облыстық «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жоба» конкурсының ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер
  2. Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың және қоғамдық келісімнің конституциялық қағидатын іске асырудың негізгі тетігі, мемлекет пен азаматтық қоғамның диалог алаңы болып табылады.

Осы орайда, рухани жаңғыру басымдықтарын ескере отырып, Ассамблея институтын нығайту жөніндегі міндеттерді іске асыру аясында оның қызметін жетілдіруге, тиімділігін күшейтуге бағытталған, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобаға Конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жарияланады.

  1. Ассамблея қызметінің тиімділігін жетілдіру және қамтамасыз ету мақсатында осы Конкурс ғылыми-қолданбалы сипатта болады.
  2. Конкурс қоғамның мүдделі өкілдері арасында өткізілетін іс-шара болып табылады.
  3. Конкурс қоғамды Қазақстан халқы Ассамблеясы институтын дамытуға тарту және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың инновациялық әдістері мен тетіктерін айқындау мақсатында ҚХА (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 47-тармағын орындау аясында өткізіледі.
  4. Конкурстың міндеттері:

1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін танымал ету;

2) Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру жөніндегі қызметін жетілдіру және жандандыру;

3) қазақстандық бірегейлікті нығайтуға және Ассамблея қызметін жетілдіруге бағытталған ғылыми-әдістемелік, оқыту және анықтамалық әдебиеттерді әзірлеуге және басып шығаруға көмек көрсету;

4) Ассамблея қызметін жетілдіру және мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің ғылыми негізделген және практикалық тетіктерін әзірлеу.

  1. Конкурстың ұйымдастырушы Маңғыстау облысыәкімі аппараты «Қоғамдық Келісім» комуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ұйымдастырушы)болып табылады.
  2. Конкурсты ұйымдастырушы:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығымен келісім бойынша Конкурс туралы ережені бекітеді;

2) Конкурс жариялау туралы ақпаратты aktau-dostyk.kz сайтында орналастырады, нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді;

3) қатысушылардың өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді;

4) Конкурс финалистерінің қатысуын және оларды марапаттауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

8. Конкурсқа қалың жұртшылықтың мүдделі өкілдері қатыса алады.

9. Ассамблеяның ғылыми қоғамдастығының өкілдері (Ассамблеяның ҒСК, ҒСТ, кафедралары (орталықтар)) ғылыми жобалардың рецензенттері болады.

10. Конкурсқа бір автор немесе авторлық ұжым дайындаған жобалар қатыса алады.

11. Егер конкурсқа екі адамнан артық авторлар ұжымы әзірлеген жоба ұсынылатын болса, онда авторлық ұжымның басшысы ізденіскер ретінде көрсетіледі.

12. Әрбір ізденіскер тек бір ғана өтінім бере алады. Екі және одан да көп өтінімде бір ізденіскердің тең авторлығына жол берілмейді.

13. Конкурстың тақырыптық бағыттары:

1) Қазақстан халқы Ассамблеясы: міндеттерді жүзеге асыру және даму перспективалары (жаңа көзқарас)

2) Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының қоғамдық бақылау, қайырымдылық және медиация саласындағы рөлі: қолдану тәжірибесі және іске асырудың жаңа тетіктері.

2.Конкурсты өткізу тәртібі:

- 2019 жылғы 20 қыркүйекке дейін – Конкурс туралы ақпаратты дайындау, жіберу және БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және Ассамблеяның интернет-ресурсында орналастыру.

- 2019 жылғы 20 қазанға дейін – өтінімдерді қабылдау, қарау және іріктеу.

 

14. Конкурстың І (Өңірлік) кезеңіне ұсынылған жобаларды қарау үшін ұйымдастырушылар (КММ) Өңірлік конкурстық комиссия құрады.

15. Өңірлік конкурстық комиссияның құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік хатшылығы (бұдан әрі – өңірлік ҚХА хатшылықтары), КММ, мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және өңірдің Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық қоғамдастығының өкілдері кіреді.

16. Өңірлік конкурстық комиссияны ашық дауыс беру жолымен комиссияның бірінші отырысында сайланатын Төраға басқарады.

17. Өңірлік конкурстық комиссия мүшелерінің құрамы мен санын Ұйымдастырушылар айқындайды.

18. Қаралған және іріктелген ғылыми жобалар (әрбір өңірден екі ізденіскерден артық емес) одан әрі қарау үшін РММ-ге II кезеңге жіберіледі.

3. Жобаларды іріктеу критерийлері

19. Конкурсқа ғылыми-практикалық жобалар, сондай-ақ Ассамблея қызметін жетілдіруге, оның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған инновациялық әдістер мен тетіктердің әзірлемелері ұсынылады.

20. Жобаны бағалау кезінде мынадай өлшемдер ескеріледі:

- жобаның Конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, жобаның өзектілігі;

- құрылымы мен мазмұндау логикасының негізділігі;

- ғылыми жаңашылдығы;

- ғылыми жұмыстың әдістемесінің тиімділігі, талдаудың заманауи әдістерін қолдануы;

- жобаның қолданбалы сипаты, жаңа әзірлемелердің, тетіктердің болуы;

- тәжірибені тарату мүмкіндігі.

4. Конкурстың қорытындысын шығару

Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлерін ұйымдастырушы aktau-dostyk.kz сайтында жариялайды.

21. Үздік әзірлемелер жұмыста қолданылады немесе тарату үшін басылымға ұсынылады.

5. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар 22. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер altynayi@mail.ru altyn.mambetova@yu.edu.kz поштасына төмендегі құжаттарды жібереді:

1) Конкурсқа қатысуға өтінім – 1 дана (№2 қосымшаға сәйкес);

2) көлемі 20 беттен аспайтын басылған, тігілген жұмыс мәтіні және қосымшасы (фото, иллюстрациялар, инфографика, слайдтар, іс – шаралар тұжырымдамалары) – 1 дана;

3) гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми дәрежесі бар маманның (сарапшының) пікірі;

 

4) Конкурсқа қатысуға өтінімнің және ғылыми жұмыс мәтінінің электрондық нұсқасы СD дискісіне жазылған – 1 дана;

5) қатысушының немесе жоба басшысының жеке куәлігінің көшірмесі.

23. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ережеде көзделген талаптар мен шарттармен конкурсқа қатысуға үміткер қатысушының келісім білдіру нысаны болып табылады.

24. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға үміткер толтырған және қол қойған өтінімді қамтуы тиіс.

25. Конкурсқа қатысуға өтінімді Конкурстың өңірлік ұйымдастырушысына электрондық түрде, сондай-ақ Конкурстың атауы мен жіберушінің байланыстарын көрсете отырып, желімделген конвертте беруге болады.

26. Конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдерді Конкурсты ұйымдастырушы Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді.

27. Осы Ережеде көзделген талаптарды бұза отырып, Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауға және тіркеуге жатпайды.

28. Республикалық сырттай іріктеуге ұсынылатын ғылыми-қолданбалы жобалар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың КММ жоғарыда көрсетілген құжаттармен бірге қосымша мынадай құжаттарды жібереді:

1) Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін Конкурсты ұйымдастырушылар (КММ) дайындаған және конкурстық комиссияның Төрағасы мен мүшелері қол қойған ұсыныс – 1 дана;

2) Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың ҚХА ҒСТ немесе кафедраларының және орталықтарының (гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми (академиялық) дәрежесі бар) өкілінен рецензия;

29. Республикалық іріктеуге ұсынылатын құжаттар РММ-ге жіберіледі.

Мекенжайы: Нұр-Сұлтан, Мәңгілік ел д., 8. Индекс: 010000, эл.пошта: rgu@qkelisim.kz. «КОНКУРС-2019» белгісімен.

Анықтама телефондары: 8(7172) 741288, 741228.

30. Жобалар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

31. Ресімдеуге қойылатын талаптар: А4 форматындағы мәтін; жиектері: сол жақта – 3 см, оң жақта – 1,5 см, жоғарғы және төменгі жағында – 2 см; Word мәтіндік редакторы; шрифті № 14 Times New Roman; жоларалық интервал – 1,5.

14.7 Фото, суреттер мен схемалар қосымшалар түрінде ресімделеді.

14.8 Конкурстың тақырыптық талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстар қаралмайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(1,5 беттен көп емес) Жобаның авторы

(тең авторы)

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушының аты-жөні (толық): _________________________

Қатысушының жұмыс орны ________________________

Лауазымы___________________________

 

Қосымша

Ғылыми жұмысты рәсімдеу

ҮЛГІСІ

 

 

 

ӘОЖ 316.347:323.1 (574)

 

 

 

 

Тақырыбы:

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ РӨЛІ

 

Конкурстың бағыты:

1) Қазақстан халқы Ассамблеясы: міндеттері мен даму перспективалары

 

 

 

 

 

Автор:

Қабылбеков Әмір Саматұлы,

философия ғылымдарының докторы (PhD),

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

саясаттану кафедрасының доценті

 

 

 

 

 

қаласы, 2019

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................….............................

 

1

******………………………………………………………………………………………………………………………………………………..…...... (теориялықбөлім)

 

1.1

******...............................................................................................

 

1.2

******……………………………………………………………………………………….......................................................................

 

2

******.................................................................................................................................................................(әзірлемелер, тетіктер)

 

2.1

******................................................................................................

 

2.2

******................................................................................................

 

 

                                                                     

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАР......................................................................................

 

ҰСЫНЫМДАР.............................................................................................

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................

 

ҚОСЫМШАЛАР…………………………………………………………

 

 

 



  • |  Просмотров: 60  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:17-09-2019, 16:44  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: