Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! Егерде Сізді әртүрлі бағыттағы шешімін таба алмай жүрген мәселелер мазалап жүрсе, МО ӘА «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған Медиация кабинетіне келіп, кәсіби медиатормен сұхбаттасып, тегін кеңес алсаңыз болады! Бірлесіп шешімін табамыз! Байланыс телефондары: 301-710, +7 701 777 34 93 Қабылдау орны: Ақтау қаласы, 34 шағын аудан, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараты, «Достық үйі», 3-қабат, медиация кабинеті. Қабылдау уақыты: дүйсенбі-жұма аралығы сағат: 09.00-18.00

Ұлттық Домбыра күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» шарасы

2019 жылғы 7 шілдеде Маңғыстау облысының барлық өңірлерінде, Ана мен бала орталығында, Ақтау қалалық перзентханасында мерекеге орай «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауы ұйымдастырылып, дүниеге келген сәбилерге Қазақстан халқы Ассамблеясы логотипі бар ұлттық аспап – домбыра салтанатты түрде табыс етіледі. Әр сыйлықпен бірге сәбиге Домбыраның мәні мен құндылығы туралы хабардар ете отырып, ақ тілек жазылған алғыс хат пен сый-сыяпат қоса беріледі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» байқауында келесі номинациялар бойынша марапатталады:

1. Бір анадан туған ең көп бала - 1

2. Ерекше есім - 2

3. Домбырашы ана - 2

4. Ұлттық Домбыра күні бірінші дүниеге келген сәби - 2

Ағымдағы жылдың 3 шілде күні Маңғыстау облысы «Ана мен бала» орталығында үшемді дүниеге әкелген ана Мусағалиева Гүлдана Мақсұтқызы «Бір анадан туған ең көп бала» аталымы бойынша марапатталып, алғыс хат пен сый-сыяпат көрсетілді. Бұл шараға «АЛА-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Газибеков Курбанали үлес қосып, қазақтың қасиетті домбырасын өз қаражатына сатып алып, сыйға ұсынды.

 

Ұлттық Домбыра күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» шарасы Ұлттық Домбыра күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясынан 7 қасиетті домбыра сыйға» шарасы


  • |  Просмотров: 16  |  
  • Комментариев: 0  |  
  • Дата публикации:9-07-2019, 16:08  |  
  •   |  

Добавление комментария

Ваше Имя:
Ваш E-Mail:
Полужирный Наклонный текст Подчёркнутый текст Зачёркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищённой ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера

Код:

Включите эту картинку для отображения кода безопасности
обновить, если не виден код

Введите код: